Салық ережелері жиі өзгеріп тұрады. Ал интернеттен нақты әрі сенімді ақпарат табу кейде оңай емес. Кәсіпкерлерге салық талаптарын түсінуге Onlinebank қосымшасындағы Halyk салық көмекшісі жәрдемдеседі. Қосымша арқылы жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін де, қызметкерлеріңіз үшін де салық төлеп, берешекті жабуға, айыппұлдар мен өсімпұлдарды өтеуге болады.
Ережелер өзгереді, ал қолайлылық сақталады
2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін салық есептілігінің көлемі 30 пайызға, салық түрлерінің саны 20 пайызға қысқарды. Ал арнаулы салық режимдерінің саны үшеу болып белгіленді. Соған қарамастан, интернеттегі көптеген материалдарда бұрынғы талаптар әлі де кездеседі.
Onlinebank қосымшасындағы жаңа функция – салық мәселелері бойынша ЖИ көмекшісі. Ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сүйене отырып, өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Оның көмегімен салық берешегінің бар-жоғын тексеріп, мөлшерлемелер, төлеу мерзімдері, шегерімдер мен жеңілдіктер туралы білуге болады. Сондай-ақ 2026 жылы енгізілген өзгерістердің бизнесіңізге қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік бар.
Halyk Bank арқылы жыл сайын 10 миллионнан астам салық және әлеуметтік төлем жасалады. Салық төлеу қызметін қазірдің өзінде 30 мың жеке кәсіпкер мен 50 мыңнан астам ЖШС пайдаланған.
Өзіңізге де, қызметкерлеріңізге де салықты бір қосымша арқылы төлеуге болады?
Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін немесе қызметкерлеріңізге салық төлеу үшін Onlinebank қосымшасындағы «Салықтар» бөліміне кірсеңіз жеткілікті. Мұнда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін де аударуға болады. Қажетті төлемдердің барлығын бір операциямен жүргізу үшін бірыңғай төлемді пайдалануға мүмкіндік бар.
Төленуге тиіс сомалар автоматты түрде есептеледі. Сондықтан мөлшерлемелер мен формулаларды өз бетіңізше есептеп отырудың қажеті жоқ. Бұл салықты кем немесе артық төлеу қаупін азайтады.
Есептеу кезінде тиісті шегерімдер мен жеңілдіктер де ескеріледі. Олар заң аясында салық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Алайда кәсіпкерлердің бәрі бірдей мұндай жеңілдіктерді пайдалануға құқылы екенін біле бермейді немесе оның шарттарын зерттеуге уақыт таппай жатады.
Бұдан бөлек, Onlinebank арқылы салық берешегін жауып, айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеуге болады. Ол үшін төлем деректемелерін өзіңіз іздеп, банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ.
Кәсіпкерлер үшін қандай артықшылығы бар?
Onlinebank-тің салық төлеуге арналған қызметтері кәсіпкерлердің күнделікті қайталанатын жұмыстарға жұмсайтын уақытын үнемдеп, қателесу ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Сомалардың автоматты есептелуі салықты кем немесе артық төлеу қаупін төмендетсе, берешекті тексеру төленбеген сомаларды дер кезінде анықтап, өсімпұл есептелмей тұрып өтеуге мүмкіндік береді.
Салық мәселелері бойынша ЖИ көмекшісі кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптарды түсінуге, енгізілген өзгерістерді бағдарлауға, сондай-ақ өздеріне тиесілі шегерімдер мен жеңілдіктерді ескеруге көмектеседі. Кәсіпкер қажетті түсіндірмені алып, салық төлеу қызметін де бір қосымшаның ішінде пайдалана алады.