Салық конвенцияларын қолдану шарттарына өзгерістер енгізілді

19 Қаңтар 2023, 12:02
749
Бөлісу:
Салық конвенцияларын қолдану шарттарына өзгерістер енгізілді

Резидент еместерге пассивті табыстарын (дивидендтер, роялти сыйақылар) төлеу кезінде халықаралық шарттарды қолдану талаптарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенция қолданылады. 

Көпжақты конвенцияның мақсаты салық төлемеуді және жалтару арқылы төмендетілген салық салуды болдырмау болып табылады. 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 667-бабына өзгерістер енгізу салық агентінің екіжақты салық келісімдерін қолдануы үшін қосымша шарттардың болуын пайымдайды (өзгерістер 2023 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді). 

Сонымен қатар, Салық кодексінің 4-бабының 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегі ережелерден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Салық кодексінің 667-бабына өзгерістер халықаралық шарттардың ережелеріне қатаң сәйкестікте қолданылатын болады.

Халықаралық салық салуды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы