Салық базасына қатысты өңірлердегі жауапкершілік күшейтіледі

16 Маусым 2022, 11:34
1347
Бөлісу:
Салық базасына қатысты өңірлердегі жауапкершілік күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. 

Айтуынша, өңірлердегі бюджеттік дербестікті нығайту шаралары қарастырылып жатыр. 

Біз Есеп комитетінің республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржы ағындарын барынша азайту жөніндегі ұсынысымен келісеміз. Өңірлердің бюджеттік дербестігін нығайту үшін бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жүзеге асырылатын болады, - деді  Премьер-министрдің орынбасары.

 Сонымен қатар ол салыққа қатысты өңірлердің жауапкершілігін күшейту қажет деп отыр. 

Жалпы сипаттағы трансферттерді көбірек алу үшін жергілікті жерде салық базасын кемітіп көрсету фактілеріне қатысты Есеп комитетінің ескертуін орынды деп санаймыз. Сол себепті бюджет процесінде өңірлердің жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінетін болады, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерұлан Жамаубаев мемлекет борышының өсу себебін түсіндірген болатын. Осылайша, министр оған бірнеше фактор әсер еткенін атап өтті. Сонымен қатар ведомство басшысы қарызды басқарудың бірнеше жолдарын көрсетті. 

Өзгелердің жаңалығы