Салауатты өмір салтының адам денсаулығына әсері қандай?

31 Шілде 2024, 21:03
668
Бөлісу:
Салауатты өмір салтының адам денсаулығына әсері қандай?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Салауатты өмір салты - адам денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Оның әсері туралы Астана медицина университеті Академик Е. Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша. стресстің жоғары деңгейімен, физикалық белсенділіктің төмендеуімен, қолайсыз экологиялық жағдайлармен және зиянды әдеттердің таралуымен сипатталатын қазіргі әлемде денсаулықты сақтау және өмір сүру ұзақтығын арттыру мәселесі өзекті.

Салауатты өмір салты – адамның денсаулықты нығайтуға және аурулардың алдын алуға бағытталған әдеттері мен әрекеттерінің жиынтығы.

Салауатты өмір салтының негізгі компоненттеріне мыналар жатады:

  • Дұрыс тамақтану: Қазіргі зиянды химияға толы дүкен сөрелеріндегі тәтті сусындар мен фастфуд заманы дүркіреп тұрғанда денсаулықты күтудің, ауруды алдын алудың алғашқы баспалдағы дұрыс тамақтанудан басталады. Ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың, сондай-ақ витаминдер мен микроэлементтердің күнделікті рационда болуы өте маңызды.
  • Тұрақты физикалық белсенділік: Күніне кемінде 30 минут спортпен айналысып жаттығу жасау немесе кемінде 10 000 қадам жасау керек.
  • Жаман әдеттерден бас тарту: Темекі шегуден, алкогольді ішуден және есірткіні қолданудан бас тарту.
  • Күн тәртібін сақтау: Ұйқының жеткілікті болуын қамтамасыз ету (тәулігіне 7-8 сағат) және күндізгі уақытты ұтымды бөлу. Айта кету керек, дұрыс физиологиялық ұйқы кешкі 22-ден таңғы 5-ке дейін.
  • Стресстің алдын алу, оң көзқарасты сақтау және жақсы психо-эмоционалды жағдайды сақтау қабілеті.

Көптеген ғылыми зерттеулер салауатты өмір салты адам денсаулығының барлық аспектілеріне оң әсер ететінін дәлелдейді. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларының, инсульттің, қант диабетінің, қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің және басқа да созылмалы аурулардың даму қаупін азайтады. Иммундық жүйені нығайтады, ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін арттыруға көмектеседі, - дейді ғалым. 

Өзгелердің жаңалығы