"Саламатты Қазақстан" пойызы Ақмола облысындағы ауылдарды аралайды

24 Шілде 2023, 04:20
4609
Бөлісу:
"Саламатты Қазақстан" пойызы Ақмола облысындағы ауылдарды аралайды
Фото: Артём Чурсинов

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жоспар бойынша Ақмола облысындағы Адыр стансасына тоқтап, тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта жүзеге асырып отыр.

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын қорғау мәселесі бойынша тегін консультация беріліп келеді.

Медициналық пойыз Адыр стансасына 23 шілде күні сағат 22:41-де келіп тоқтайды. 24 шілде күні сағат 22:40-та келесі стансаға аттанып кетпек.

Өзгелердің жаңалығы