Алматыдағы Саин көшесінде көлік жылдамдығы қайта артады

27 Тамыз 2019, 09:40
3057
Бөлісу:
Алматыдағы Саин көшесінде көлік жылдамдығы қайта артады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Саин көшесі бойындағы көлік жылдамдығы өзгереді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін түңгі сағат 00:00-де әл-Фараби даңғылы мен Шығыс автокөлік айналма жолындағы көлік жылдамдығы сағатына 80 км-ге ауыстырылады. Тек Бағанашыл ықшамауданының  бұрылысынан Ходжанов көшесіне дейінгі бөлік пен Шағын Желтоқсан көшесінің маңындағы жылдамдық 60 болып қалады. 

«Осыған дейін Саин көшесінің бойындағы  көлік апаты жағдайына қосымша сараптама жүргізілді. Нәтижесінде бұл көшедегі жылдамдықты 80-ге дейін арттыруға болатыны анықталды. Көше бойындағы жылдамдықты өлшейтін камералар жаңа жылдамдыққа қайта бапталды. Ал көше бойындағы жылдамдық белілері бүгін түгелдей ауыстырылады», - дейді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мураталиев.

Өзгелердің жаңалығы