Саин балаларға арналған үйірмелерді тегін қылуды ұсынды

15 Шілде 2020, 12:51
2556
Бөлісу:
Саин балаларға арналған үйірмелерді тегін қылуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз балаларға инвестиция құюымыз керек. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.

Бізде ертең мұнай мен газ таусылады. Сол кезде не істейміз? Біз кім боламыз? Шикізат жеткізуші ретінде қажет болмай қалса, өзіміздің саяси және экономикалық тәуілсіздігімізді сақтап қала аламыз ба? Осындай ресурстары болған елдер қалай өмір сүреді, олар ғылым, өндіріс пен білімді генерациялайды. Бұл – адами капитал, адамдар. Біз де инвестицияны адамдарға құюымыз керек. Жылына бір балаға орта білім беру үшін 220 мың теңге керек. Бірақ бізде балалардың тәрбиесіне арналған қаржыландыру жоқ. Спорт, өнерге баулуға тегін кепілдендіру жоқ, - деді ол. 

Аружан Саин балаларды дамытуға арналған үйірмелерге ата-аналар табысының жартысынан көбін жұмсап отырғанын айтты. 
Бұл денсаулыққа тікелей әсер етеді. Олар жеміс-жидек,витаминдер тұтына алмайды деген сөз. Біз балаларға инвестиция құйсақ, олар білімімен экономика құрады. Себебі, біз еліміздің гүлденуі үшін ештеңе істемедік. Қате көп жібердік. Ол үшін қаржыны балалардың спорт пен тәрбиесіне арналған үйірмелерді тегін ұйымдастыру үшін бағыттау керек. 160 млрд теңгені жыл сайын жергілікті атқарушы органдар спортқа жұмсайды. Млрд-тар футбол, волейбол кәсіби командаларына жұмсалады, олар жетістікке жетпейді. Тіпті, ол командаларда қазақстандықтар емес шетелдіктер легионер. Ақша шара жасауға жұмсалады. Оның қажеті не? Спорт нысандарын қамтамасыз етуге де ақша бөлінеді. Мемлекеттің қаражатына үлкен спорт ғимараттарына жұмсалады. Оның барлық шығынын өздері төлейді. Ал олардың барлығы МЖӘ-ға берілген, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы