Сағынтаев: Жұмысына немқұрайлы қарайтын мердігерлер қара тізімге енгізіледі

3 Мамыр 2021, 11:42
1888
Бөлісу:
Сағынтаев: Жұмысына немқұрайлы қарайтын мердігерлер қара тізімге енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында өзен арналары, скверлер мен саябақтар, сонымен қатар, маңызды сәулет құрылыстарының қоғамдық кеңістіктерін аралады.

Сағынтаев Кіші Алматы мен Есентай өзендерінің су бөлу гидротехникалық құрылысын аралады. Мұнда Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша су деңгейін өлшеу үшін автоматтандырылған қондырғылар орнатып, цифрландырылған шаруашылық жүргізу қажет. Бұл су деңгейі туралы жедел ақпарат алып, сел қаупі төнген жағдайда шара қолданып, өзен арнасындағы суды бақылауда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, цифрландыру мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді, оның негізінде өзеннің маусымдық жағдайына талдау жүргізілетін болады. Осылайша, қала тұрғындарының сел қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Есентай өзені арнасының Жамақаев көшесінен бастап ұзындығы 4,2 км болатын су қорғау жолағы мен су бөлуге дейінгі аралықты реконструкциялау жобасымен танысты. Мұнда арнаны кеңейту және тереңдету бойынша дайындық жұмыстары жүргізілген.

Нөсер жаңбыр салдарынан су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір жерлерде габион құрылымдары құлаған. Осыған орай Б. Сағынтаев тіреу құрылымдарын монтаждаған орындаушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Алматы әкімі ең берік құрылыс материалдарын пайдалануды тапсырды.

Одан бөлек, Сағынтаев жаяу жүргінші жолы конструкциясын баспалдақсыз етіп өзгерту қажеттігіне назар аударды. Осылайша, төселген жолақта серуендеу, әсіресе коляскада баласы бар аналар үшін ыңғайлы болмақ.

Жаяу жүргінші аймағы бойына 350 сыртқы жарықтандыру тірегі, кіші сәулет формалары, урналар, балалар ойын алаңдары мен өтпелі көпір орнатылатын болады.
Мегаполис әкімі Тереңқұрдағы жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. Оның айтуынша, осы жаяу жүргінші бағыты серуендеу аймақтарын құрудың үлгісі болу қажет.



Тереңқұрды абаттандыру Кіші Алматы өзені арнасы, су бөлуден бастап Достық даңғылынан Мақатаев көшесіндегі гидротехникалық құрылғыларды қамтиды. Жер телімінің ұзындығы — 8,9 км. Арнаны тазалау мен бекіту бойынша негізгі жұмыстар атқарылды. Енді іргелес аймақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Анықталған кемшіліктерден кейін мердігер өз есебінен асфальт төсеп, бордюрді ауыстырады. Енді 11 балалар мен спорт алаңдарын, орындықтар, урналар, модульді санитарлық қондырғылар, су ішуге болатын су бұрқақтар орнату қалды. Одан бөлек, өзенге Тәттімбет көшесінен Тереңқұрға түсетін, бес жаяу жүргінші көпірі ұйымдастырылады.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жарықтандыру мен көше жиһазын таңдауда жайлылықты, практикалық, эстетиканы және ландшафттың қоршаған ортамен үйлесімділігіне мән беруді тапсырды. Дегенмен, орындық моделін ыңғайлылығына қарай қала тұрғындарының өздері анықтағаны маңызды.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Кіші Алматы өзенінің Достық көшесінен төмен Гоголь көшесіне дейінгі аймақты жөндеу жұмыстарымен танысты.

Мегаполис әкімі «Дружба» скверін көгалдандыру мен абаттандыру, сондай-ақ, Тимирязев көшесіндегі құрылысқа немқұрайлы қараған мердігердің кесірінен пайдалануға берілу мерзімі созылып кеткен «Дружба» саябағының жұмысының сапасын бағалады. Әкімнің тапсырысы бойынша барлық жұмыстар 15 мамырға дейін аяқталуы тиіс. Бұл ретте тиісті органдар мердігерге қатысты келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін, әрі сапасыз құрылыс материалдарын пайдаланып, пайдалауға беру мерзімін кешіктіргені үшін де құқық қорғау органдары тексеріс жүргізетін болады. Одан бөлек, немқұрайлы қараған мердігерді қара тізімге енгізу де қарастырылуда.

Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы қала кеңістіктерін ретке келтіру мерзімінің ұзарып, тұрғындардың ренішін туғызып, жұмысына немқұрайлы қарайтын мердігерлер тізімін жасады. Қазіргі уақытта толық тексеру жүргізіліп, бұзушылардың лицензиялары тартып алынып, олар туралы бар мәлімет қара тізімге енгізілуде.

Қала әкімі атап өткендей, қала өз міндетін адал, сапалы, әрі өзіне жүктелген міндетті мерзімінде атқаратын мердігерлерді қолдайды. Өйткені қала тұрғындардың жайлылығы ғана емес, жалпы қоғамдық көңіл-күй де осыған байланысты.

Жұмыс сапары барысында әкім Оқушылар сарайы маңындағы скверді абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қала тұрғындарының қалауы мен сарапшылардың қорытындысы бойынша жобаға түзетулер енгізілген болатын. Сонымен қатар Сағынтаев Әуезов театры маңындағы «Дружба» скверін, сонымен қатар «Дружба» саябағын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен, Мүсірепов бульварын түрлендіру мен Қастеев мұражайы маңындағы су бұрқақты қайта қалпына келтіру жобаларымен танысты.

Қала әкімі аталған объектілер құрылысында пайдаланылған гранит плиткалар мен бордюр тастарын қайта қолдануды тапсырды, өйткені олар бұзылмаған қалпы сақталып, әлі көп жыл қызмет ететін болады.

Оқушылар сарайы, Әуезов театры мен Қастеев атындағы мұражай маңындағы аймақтарға 10 жылдан астам жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Көптеген учаске М. Әуезов театрының артқы жағындағы амфитеатр уақыт өте ыдырап кеткен. Жаяу жүргінші жолы, орындықтар жарамсыз қалге келген, жарық жоқ және субұрқақ жұмыс істемейді. Мысалға, Ә. Қастеев мұражайы маңындағы субұрқақ өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған, одан бері бір рет те жөндеуден өтпеген.

Жоба авторларымен талқылау барысында қала әкімі Оқушылар сарайы, М. Әуезов атындағы театр, Ә. Қастеев атындағы мұражай сынды белгілі объектілерде автордың архитектуралық түпкі ойын сақтап қалу керектігіне назар аударды. Нәтижесінде, скверлерді абаттандыру мен жаяу жүргінші аймақтары жаңа тыныс алып, қалалықтардың тартылыс нүктесі болуы қажет. Бұл қаланың мәдениет объектілеріне баратындардың санын арттырады. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жобаларды түзетуде барлық қалалықтар үшін қоғамдық кеңістіктердің экологиялығына, тартымдылығына және қол жетімділігіне жете мән берілетін болады.
Өзгелердің жаңалығы