Сағынтаев вакцинациялау пункттерінің жұмысын тексерді

4 Сәуір 2021, 10:02
1680
Бөлісу:
Сағынтаев вакцинациялау пункттерінің жұмысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапары барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала емханаларында болып, ерікті жаппай вакциналауды ұйымдастырумен танысты.

Сағынтаев вакцинациялау пункттерінің жұмысын тексерді

Қала әкімі №5, 15, 17, 29 емханаларындағы екпе кабинеттерінің жұмыстарымен танысты.

Сағынтаев вакцинациялау пункттерінің жұмысын тексерді

Мегаполис әкімі вакциналауға алғашқы болып келген алматылықтармен әңгімелесті. Сондай-ақ Сағынтаев бұл коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз мүмкіндігі екенін еске салды. Қалалықтар вакциналауға түсіністікпен қарауда.

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша вакцинация пункттері 70 емханада, 31 сауда орталығында, ірі мәдени, білім беру және спорт мекемелерінде орналастырылуда.

Сағынтаев вакцинациялау пункттерінің жұмысын тексерді

Қалада КВИ таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың отырысында жаппай вакцинациялау науқанын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Барлығы 250-ге жуық пункт ашылады. Олардың жұмысын 2250 маман - дәрігерлер, мейірбикелер, тіркеушілер қамтамасыз етеді. Сонымен қатар дәрігер резиденттердің ішінен 1200 ерікті тартылады. Қосымша мобильді жылжымалы пункттер құрылды, - делінген хабарламада.

КВИ-ге қарсы ерікті жаппай вакциналаудың бекітілген жоспарына сәйкес, суық тізбекті сақтау үшін мұздатқыштармен жабдықтауға ерекше назар аударылатын болады.


Өзгелердің жаңалығы