Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев субұрқақта адамдарды тоқ соғу оқиғасына қатысты пікірін білдірді.
Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін,- деп жазды ол Тwitter-дегі парақшасында.
Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.