Сағынтаев проблемалы учаскелерді аралады

7 Наурыз 2021, 07:16
1526
Бөлісу:
Сағынтаев проблемалы учаскелерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы проблемалы учаскелерді аралады. Ол алдымен Алғабас ықшамауданына барды.  

№185 мектептің жанындағы Алдияр көшесін су басқан. Оны шешу қажет. ТЖД көмегімен шұғыл шаралар қабылданады. Инженерлік желілер жүргізілгенге дейін жолдар инертті материалдармен жабылады, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы жеке парақшасында.
Сонымен қатар қала әкімі ықшамаудандағы маңызды мәселелерді жеке бақылауына алатынын атап өтіп, тиісті тапсырма берді. 
Тұрғындар айтқан барлық мәселені жеке бақылауыма аламын. Яғни бұл иесіз желілер, көшеге жарық орнату, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды жұмыстар. Ол үшін жұмыс комиссиясы құрылды. Атқарылған жұмыстардың сапасын ықшамауданның белсенді өкілдерінен құрылған қоғамдық бақылау тобы тексереді, – деді ол. 
Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдеріне олармен тұрақты байланыста болуды тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы