Сағынтаев оқ тиіп қайтыс болған әйелдің отбасына үй беруді тапсырды

18 Қаңтар 2022, 15:56
1401
Бөлісу:
Сағынтаев оқ тиіп қайтыс болған әйелдің отбасына үй беруді тапсырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оқ тиіп қайтыс болған 35 жастағы әйелдің отбасымен кездесіп, көңіл айтты.

Кездесу барысында қала әкімі шын жүректен көңіл айтып, көпбалалы отбасына тұрғын үй бөлу мәселесін өз бақылауына алды.

Жанар Өтегенова 5 қаңтар күні кешке қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған, жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек болыпты. Лаңкестердің оғына түскен 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды. 

Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған төрт баласымен қалды. Ерлі-зайыптылар балаларымен жалға алынған уақытша баспанада тұрып келген.

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Бүркітбаевпен кездесіп, оның зайыбының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ, оның тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету туралы өтінішін жеке бақылауына алды.

Өзгелердің жаңалығы