Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

21 Қыркүйек 2021, 09:41
3066
Бөлісу:
Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына барды. 

Қала басшысы полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. 

Әкімнің айтуынша, отбасыларға барлық тиісті көмек көрсетіледі.

Еске сала кетсек, Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде бес адам, соның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы