Сағынтаев қаладағы абаттандырылған орындарды аралады

4 Қараша 2020, 14:16
966
Бөлісу:
Сағынтаев қаладағы абаттандырылған орындарды аралады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан бірқатар қоғамдық орындарда болды.

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңарған аулалар мен жаяу жүргінші аймақтарының қоғамдық кеңістіктері жақсара түскенін атап өтті.

Ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде аумақтарды өзгертуге кешенді түрде қарап, шаң-тозаң болмау үшін барлық бос учаскелерді барынша көгалдандыруды тапсырдым. Биыл ауданда 205 аула, 9 сквер жөнделіп, 5 бос учаске, 2 жағалау аймағы абаттандырылды. №10 ықшамаудандағы жаяу жүргіншілер аймағы жөнделуде, - деп жазды Алматы әкімі.
Сағынтаев бұл жұмыстардың барлығы тұрғындармен өткен есеп беру кездесулерінде айтылған өтініштер бойынша жасалғанын атап өтті.

Адамдардың көңіл-күйлерінің қалай жақсарып жатқанын байқау қиын емес. Ықшамаудандар өмір сүруге ыңғайлы болып түрленуде. Ыңғайлы орындықтар, үстел ойындарына арналған үстелдер, балалар алаңдары тұрғындарға ұзақ қызмет етері сөзсіз. Тәртіпті сақтап, балаларымызға қаламызға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетейік, - деп атап өткен Б. Сағынтаев қала тұрғындары бұрынғыша өздері тұратын жерді абаттандырып, гүлдер мен ағаштар отырғызуды қолға алса деген ұсынысын білдірді.


Өзгелердің жаңалығы