Сағынтаев Алматыдағы қылмыспен күресу жолдарын ұсынды

4 Шілде 2019, 19:06
1734
Бөлісу:
Сағынтаев Алматыдағы қылмыспен күресу жолдарын ұсынды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала полициясы департаментінің жедел басқару орталығында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – қылмысты түбегейлі азайту және халықтың полицияға деген сенімін арттыру

Кеңес барысында мегаполисте құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды.

Қала әкімі полиция жұмысына сапалы өзгерістер енгізуді тапсырды. Патрульдік қызмет жұмысын қайта қарау және құқықбұзушылықты жедел анықтау үшін видеобақылау желісін кеңейту қажет.

Ақпараттық жұмыстарды күшейтіп, қалалықтардың қауіпсіздігін жақсарту жолында жүзеге асқан нақтылы шараларды кеңінен түсіндірген жөн.

Полиция Департаменті учаскелік пункттерге тексеру жүргізіп, модернизациялау бойынша ұсыныстарын берулері тиіс.

«Бұл жұмыс тұрақты негізде қоғамдық кеңеспен бірге, тығыз байланыста жүргені жөн. Қылмыс деңгейі төмендесе, бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижелі болғаны. Жалпы, адамдар өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс», - деп атап өтті Сағынтаев.

2.jpg

Қоғамдық кеңес мүшелері өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Кеңес барысында «Қазақстанның газ ассоциациясы» заңгерлері қоғамдық қауымдастығының президенті Андрей Моргунов, «Ақжол» демократиялық партиясы АҚФ төрағасы Нұрлан Жазылбеков, ExspressAutoservice компаниясының президенті Александр Белянов, «Ақпарттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Көбеева сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Қала әкімі Алматы прокуратурасының құқық қорғау қызметі Орталығының жұмысымен, ЕРАП» функционалды желісімен және «Е-қылмысты іс» жүйесімен, «Қауіпсіз қалаға 21 қадам» жобасымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы