Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Сағындық Тоғамбай Қытай боксшысын 4:1 есебімен жеңіп, Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатының жартылай финалына шығып, кемі қола жүлдені иеленді.

 ҰОК Бүгiн 2026, 17:52
Бүгiн 2026, 17:52
92
Фото: ҰОК

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтық біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.

1/4 финалда ол Қытай өкілі Ханя Сюэчженьді 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша Сағындық Тоғамбай кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне жазды.

Айта кетейік, бүгін, 5 сәуірде жартылай финалға Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) та шықты.

Наверх