Садақ ату: Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты

19 Маусым 2025, 04:38
541
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Блоктық садақ атудан командалық сында ел намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғауда.

Ширек финалда ұлттық құрама Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті, - делінген хабарламада.

Ал жартылай финалда мергендеріміз Малайзияны бір ұпай айырмашылығымен – 232:231 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы