Садақ атудан Париждегі лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар анықталды

Садақ атудан Париждегі лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар анықталды
850

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан командасы Париждегі (Франция) әлем кубогі кезеңі қарсаңында оқу жаттығу жиындарын өткізеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Жиынға Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев, Дения Ганькин, Гаухар Игібаева қатысады.

Ал 18-22 маусым аралығында басталатын Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: Алина Ілиясова, Анастасия Баннова, Фарида Түкебаева.

Сондай-ақ, аталған спортшылар 22-28 маусымда өтетін әлем кубогі кезеңінде сынға түседі. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы