Сабын жасап пайда тапқан азамат

26 Қазан 2022, 11:45
1660
Бөлісу:
Сабын жасап пайда тапқан азамат
PHOTO
Фото: автордан

Кез келген кәсіп – береке бастауы. Бүгін біз сабын шығарып, пайда тауып отырған Қызылордалық кәсіпкер туралы сөз қозғамақпыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәулет Ізбасарұлы – заңгер. Мемлекеттік қызметте 6 жыл уақыт қызмет жасаған ол кәсіппен айналысуды бала кезден бастағанын айтады.

Сабын жасап пайда тапқан азамат

Қызылорда қаласындағы тұрғылықты жерімізде мал базар бар. Бала кезден сол базардан мал алып, семіртіп, етін сатып кәсіп қылатынбыз. Ер жете келе мамандық бойынша мемлекеттік қызметте, заң саласында біршама жыл қызмет еттім. 2019 жылы жеке кәсіпке бет бұрып, өзімді бірнеше салада кәсіпкер ретінде сынап көрдім. Ал сабын өндірісімен 2020 жылдың қаңтарынан бастап айналысып келемін, – дейді кәсіпкер.

Қазақстанның өзге өңірлерінде бұл кәсіптің түрімен тұрақты түрде айналысатын кәсіпкерлер көп-ақ. Кәсіпкер өндіретін «Таза» кірсабыны бүгінде облыс тұрғындарының сұранысына ие. Сондай-ақ кәсіпкердің сөзінше, кәсіпорын 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сабын жасап пайда тапқан азамат

Кір сабынның күніне орта есеппен шикізаттан бөлек табысы – 35 мың теңгені құрайды. Ал цехта тұрақты 10 адам қызмет етеді. Жұмысшылардың жалақысын, қажетті төлем салықтарын осы табыс көзінен бөліп отырамын. Сондай-ақ қазіргі таңда Өзбекстаннан кір жуатын, ұнтақ шығаратын станоктар алғызып, бүгінде кір жуатын ұнтақты да шығаруды қолға алдық. Бастапқыда 20 кг қаппен өндірсек, қазір Шымкент қаласынан арнайы 27000 пакетке тапсырыс бердік. Алдағы уақытта арнайы қапшықтармен тұрғындарға ұсынатын боламыз, – дейді кәсіпкер.

Қазіргі таңда, бір емес бірнеше кәсіптің басың құрап отырған Дәулет Ізбасарұлы алдағы уақытта кір сабын түсін түрлі-түсте шығару ойда бар дейді.

Болашақта сабын өндірісін кеңейтіп, оны түрлі-түсте шығаруды қарастырып жатырмыз. Сонымен қоса  кір жуатын ұнтақ шығаруды да әрімен қарай жетілдіріп, оған қоса, шетелдік практикаға сүйене отырып шашқа арналған сусабын, тіс жуатын пасталар шығару ойда бар. Әрине, ол үшін көп ізденіс керек, – дейді Дәулет Ізбасарұлы.

Өзгелердің жаңалығы