Таразда Сәбит Дүйсебаев атындағы жаңа дәрісхана ашылды

19 Желтоқсан 2019, 13:09
5789
Бөлісу:
Таразда Сәбит Дүйсебаев атындағы жаңа дәрісхана ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Педагогика жоғары мектебінің "Арнайы педагогика" кафедрасы жанынан ҚР Білім беру ісінің үздігі Сәбит Райысұлы Дүйсебаев атындағы дәрісхана ашылды.

WhatsApp Image 2019-12-18 at 17.50.33.jpeg

Сәбит Райысұлы Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасы аясында, өз өлкесін құрмет тұту мақсатында "Туған жерге туыңды тік!" деп ізгі ниетпен игілікті істі ұштастырып, болашақ ұстаздарға үлгі болумен қатар қолдау танытуда. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша ат салысу - шынайы патриотизмнің белгісі. Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды істің айқын дәлелі екенін көрсетті.

WhatsApp Image 2019-12-18 at 17.50.33 (1).jpeg

Білім саласына орасан зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, ҚР Педагогикалық қоғам сыйлығының лауреаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан және Бүкілодақтық педагогикалық оқулардың бас жүлдегері, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы профессор Айтқалиевтің республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы мектебінің мүшесі, Әлем халықтары жазушылары одағыны мүшесі, Жамбыл облысы Жуалы ауданының Құрметті азаматы, "Ұлт қайраткері", "Қазақстан патриоты" академиялық атақтардың иегері Сәбит Райысұлы атындағы заман талабына сай дәрісхананың ашылуына жоғары оқу орнының басшылығы, оның әріптестері мен шәкірттері және оқу ордасының ұжымы қатысты.  

WhatsApp Image 2019-12-18 at 17.50.56.jpeg

Ұлағатты ұстаздың шәкірттері арасында Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, ҚР Білім қайраткері Гүлтас Сайынқызы, филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Молдабекқызы, халық ақыны Жеңіскүл Сейтқұлқызы сынды дарынды тұлғалар бар. Шарада ізгі тілектер, ерекше естеліктер айтылып, шәкірттері атынан ұстаз құрметіне сый-сияпаттар табысталды.

WhatsApp Image 2019-12-18 at 17.50.52.jpeg


Өзгелердің жаңалығы