Сабақтан тыс спорттық үйірмелерді жүргізген мұғалімдерге 100% қызметтік жалақы төленеді

5 Сәуір 2022, 12:42
1986
Бөлісу:
Сабақтан тыс спорттық үйірмелерді жүргізген мұғалімдерге 100% қызметтік жалақы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Сондай-ақ ол сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылданып жатқанын айтты. 

2020 жылдан бастап мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 25%-ға өсіп келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 100%-ды құрайды. Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық үйірмелерді жүргізгені үшін 100% көлемінде базалық қызметтік жалақы  төленеді. Бұл шара республика бойынша 26 мың дене шынықтыру мұғалімін қамтып отыр, - деді министр. 

Оның айтуынша, алдағы 3 жыл ішінде негізгі елді мекеннің барлығы спорттық нұсқаушымен қамтылады. 

3,5 мың негізгі елдімекеннің барлығы 2025 жылға дейін штаттағы спорттық нұсқаушымен қамтамасыз етіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ауылдық жердегі нұсқаушылар саны 1 232-ден 3 065 адамға өскен, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр Абаев жан басына қаржыландыру механизмі бойынша жүргізіліп отырған спорттық секцияларға қатысты пікір білдірген болатын. Ол кейбір аймақтардың бір жылға бөлінген ақшаны бір тоқсанда жұмсап тастағанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы