Бір жылға бөлінген ақшаны бір тоқсанда жұмсап тастаған: Абаев тегін спорт секциялары туралы

5 Сәуір 2022, 12:25
1681
Бөлісу:
Бір жылға бөлінген ақшаны бір тоқсанда жұмсап тастаған: Абаев тегін спорт секциялары туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

Оның айтуынша, мемлекеттік спорттық тапсырыс – азаматтардың әлеуметтік жай-күйін жақсартудағы маңызды құралдардың бірі. 

Былтыр 1 мамырдан бастап спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді. Соның нәтижесінде 4 пен 17 жас аралығындағы 217 мың бала мен жасөспірім тегін спорт секцияларына қатысып жүр. Алайда бұл механизм әлі де жетілдіруді қажет етеді. Мұны уақытында шешпесек, Президенттің тікелей тапсырмасы орындалмауының қаупі бар және әлеуметтік наразылық та артуы мүмкін, - деп атап өтті министр.

Бұған ең алдымен қаражат тапшылығы себеп болуы мүмкін. 

Ең алдымен, қаражат тапшылығы. Бірқатар аймақ бір жылға бөлінген ақшаны бір тоқсанда жұмсап тастаған. artsport.kz. порталының жұмысына қатысты мәселелер де жетерлік. Жергілікті атқарушы органдарымен қатар, қызмет ұсынушылар да порталды теріс пайдаланатын жағдайлар кездеседі, - деді Дәурен Абаев. 

Ведомство басшысы қызмет ұсынушылардың өтінімін қарастыру мерзімін 5 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін ұзарту қажет деп санайды.

Қазір әкімдік қызметкерлеріне күніне 100 өтінімге дейін түседі. Бұл өтінімді сапалы түрде қарастыруға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ ғимараттың сыйымдылығы мен жаттықтырушы санына қарай отырып, бір қызмет ұсынушыға спорт түрі, айналысатын топтар мен бала саны бойынша шектеу орнатуды ұсынамыз, - деді Дәурен Абаев. 

Өзгелердің жаңалығы