Сағынтаев: Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды

18 Қараша 2019, 19:08
1975
Бөлісу:
Сағынтаев: Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру. Учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс.
Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет, білім мен қоғамдық қауіпсіздік. Біз осыларды қамтамасыз етуге тиіспіз,- деді кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев.
ІІМ-нің басшысы полицияның жедел басқару орталығын модернизациялау және ЖБО-да видеобақылау жүйесін интеграциялау жоспарлары туралы айтты. Жол оқиғалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Жыл басынан бері қарай мегаполисте 4 мыңға жуық ЖКО болған.

26.jpg
Біз қазіргі кезде халық саны мен автомобиль трафигінің көп болуына қарамастан пәрменді шараларды қолдана отырып, жолдардағы апаттар мен өлім-жітімді күрт азайтқан шетелдің тәжірибесін белсенді түрде үйренудеміз, - деп атап өтті ІІМ-нің басшысы.
Қала әкімдігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, оның ішінде заманауи мегаполистердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, жол инфрақұрылымын қайта құру жөнінде полицияның бастамаларын қолдайтын болады. Бұлар - "вафельді" белгілер, жолақтар бойынша бұрылыстардағы қозғалыстардың нүктелері, қосымша бағдаршамдар және магистральді көшелердегі бөлгіш қоршаулар.
Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды. Қаланың көлік инфрақұрылымы қозғалыстың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасауы қажет, - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Ол қалалық мобилділік басқармасына бұл мәселені полиция департаментімен бірге шешуді тапсырды.



Өзгелердің жаңалығы