Сәтбаевта кезекте тұрғандарға пәтер кілті тапсырылды

30 Тамыз 2020, 05:40
1250
Бөлісу:
 Сәтбаевта кезекте тұрғандарға пәтер кілті тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күнін тойлау қарсаңында Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Идрисов кезекте тұрғандарға көптен күткен пәтерлердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа 56 пәтерлік жалдамалы үйден жетім балалар, көп балалы отбасылар, бюджеттік ұйым қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер, жалғыз баспанасы апатты танылған азаматтар, және басқа әлеуметтік осал санаттағылар баспана алды.

Сіздерді қоныс тойларыңызбен және келе жатқан Конституция күнімен және Шахтерлер күнімен құттықтаймын! Үйлеріңіз қуанышқа толсын, ал отбасыларыңызда бейбітшілік, келісім және амандық орнасын! - деп қала басшысы бақытты қоныстанушыларды құттықтады.

Осы жылы Сәтбаевта 22 көп балалы отбасылар әкімдіктен баспана алды, бес бала тәрбиелеп отырған, мектепте мұғалім болып істейтін және үш баласының  мүмкіндіктері шектеулі көп балалы анаға үш бөлмелі пәтерді жеке инвесторлар сыйлады.

 

Өзгелердің жаңалығы