Сәтбаев қаласында бұзақылық жасады деген 15 адам ұсталды

30 Шілде 2020, 20:51
1726
Бөлісу:
Сәтбаев қаласында бұзақылық жасады деген 15 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілдеге қараған түні Сәтбаев қаласында бір топ азамат бес жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адамды өз беттерімен жазалауға ұмтылып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген. Полиция қызметкерлері бұны бұзақылық деп мәлімдеді.
Алайда олар жолындағыны қиратып, айтарлықтай материалдық зиян келтірді. Олар қақпаны, ауладағы адамдар отырғыштарды, қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішті, полиция ғимаратының аумағындағы шамдарды, терезелердің әйнектерін сындырған. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камералары мен қызметтік автокөлік бүлінген. Келтірілген залалдарды бағалау жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы (“Бұзақылық” “Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”, “Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар анықталып, ұсталды. УҰИ-ға 15 адам қамалды. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында жүргізілуде, – делінген  Polisia.kz таратқан хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы