Сәрсенбі, 17 маусымға арналған ауа райы

17 Маусым 2020, 08:17
1414
Бөлісу:
Сәрсенбі, 17 маусымға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 маусымда елімізде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

17 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Орталықта, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Атырау облысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Павлодар, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы