СҚО үлкен мүмкіндіктер алаңы – әкім

28 Қараша 2019, 16:24
2769
Бөлісу:
СҚО үлкен мүмкіндіктер алаңы – әкім
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Елордада өңірдің 10 айлық даму барысын қорытындылаған СҚО әкімі Құмар Ақсақалов осылай деді. 

Біреуі нан және сүт дейді. Басқалары ормандар мен көлдер жайлы айтады. Менің ойымша, Солтүстік Қазақстан ең алдымен, үлкен мүмкіндіктер бар өңір. Әсіресе, инвесторлар үшін,  - дейді өңір басшысы. 
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің солтүстік қақпасы авто және теміржол тораптарын ыңғайлы көлік хабына байланыстырады.
Петропавл халықаралық әуежайы барлық әуекомпанияларға ашық. Сондай-ақ, солтүстіктің табиғаты, жері және ауасы экологиялық таза болып есептеледі. Ал бұл туризм және ЭКО-өнімді шығаруға жақсы негіз,  - деді әкім.

Сондай-ақ облыс басшысы Петропавлда өнеркәсіптің потенциалы жоғары екенін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы