СҚО әкiмi тұрғындардан сапасыз жөнделген жолдарды суретке түсіруді өтінді

24 Шілде 2019, 00:50
1397
Бөлісу:
СҚО әкiмi тұрғындардан сапасыз жөнделген жолдарды суретке түсіруді өтінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.КZ. Бүгiн СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Жол активтерi сапасының ұлттық орталығының жол материалдарының сапасын тексеретiн зертханасына барды.

Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл облыста жолдарды жөндеуге 37 млрд теңге бөлiндi. Тиiсiнше атқарылып жатқан жұмыстарға қатаң бақылау қажет. Зертханалық бақылау жүйелi түрде жүргiзiлмек. Бұрын бұл жұмыспен республикалық жолдар ғана қамтылса, биыл облыстық жолдар да тексерiлетiн болады. 

Сондай-ақ облыс әкiмi тұрғындарға үндеу тастады.

«Техникалық мүмкiндiктермен қоса, қоғамдық бақылауды күшейту керек. Қазiр көбiнде гаджеттер бар, фотоға түсiрiп, қай жер екенiн айту керек. Бұзыла бастаған жолды көрсетiңiздер. Барлық материалдарды СҚО әкiмдiгiнiң сайтындағы «Халықтық бақылау» бөлiмiне жолдау керек. «Қызылжар — адалдық алаңын» да қолдануға болады. Бiз тиiстi шаралар қолданамыз», - дедi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы