СҚО әкiмi интернеті жоқ ауылдардың мұғалiмдерiн электронды күнделiктен босатты

4 Желтоқсан 2019, 07:48
5346
Бөлісу:
СҚО әкiмi интернеті жоқ ауылдардың мұғалiмдерiн электронды күнделiктен босатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында цифрландыру мәселелерi талқыланды. 

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиын барысында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов интернет желiсi ауылдарда мұғалiмдердi электронды күнделiктi мәжбүрлеу фактiлерi бар екенiн айтты.

Интернет жоқ ауылдарда электронды күнделiктi толтыру қисынға келмейдi. Мұғалiмдердi мәжбүрлемеңiздер. Интернеттiң жылдамдығы төмен болғасын, мектепте түнде жұмыс iстеуге тура келедi. Тiптi кейбiр мұғалiмдер көршi ауылға барып, толтырады дегендi естiдiм. Мұндай бассыздыққа жол берiлмесiн, - дедi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы