СҚО-да "Еңбек" бағдарламасы аясында 14 мың адам жұмысқа орналастырылды

31 Қазан 2019, 08:55
1513
Бөлісу:
СҚО-да "Еңбек" бағдарламасы аясында 14 мың адам жұмысқа орналастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкімдікте өткен отырыста "Еңбек" бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл бұл жоба аясында 17,5 мың солтүстiкқазақстандық қатысушы атанды. 14 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 9 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Кәсiпкерлiкке 2 мыңнан астам адам оқып жатыр. Өңiрде жеке кәсiпкерлердiң де үлесi артты, биыл олардың саны 3200 адамға көбейдi.

"Өз-өзiн қамтамасыз еткендердi азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бизнестi дамыту — бiздiң басты мақсаттарымыздың бiрi. Биыл жеке кәсiпкерлер көбейдi. Олар несие алып, кәсiптерiн ашты. Осы жұмысты жалғастыру керек", - дедi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы