СҚО-ға оңтүстік өңірлерден барғандарға 2 мыңнан астам баспана салынуда

22 Қараша 2019, 16:33
7353
Бөлісу:
СҚО-ға оңтүстік өңірлерден барғандарға 2 мыңнан астам баспана салынуда
PHOTO
Фото: автордан

СҚО, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысына ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы келді. Вице-премьер Қызылжар өңіріне оңтүстік облыстардан көшіп келген тұрғындармен кездесті.

Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы алдымен Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылына барды. Елді мекенде Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия сынды мемлекеттерден көшіп келген қазақтар шоғырланған. Оған қоса, ауылда жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында тағы да үйлер салынуда.

сапарбаев 4.jpg

Биыл Солтүстік Қазақстанға 688 отбасы қоныс аударған. Ондағы 2060 адамның 1031-і жұмысқа қабілетті жаста болса, 935-і – жеткіншек, 57-сі – студент және 37-сі – зейнеткер. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары негізінде 2 142 үй салу қарастырылған. 428 үй биыл салынды. Екі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі және ас бөлмесі бар үй 120 шаршы метрді құрайды.

  сапарбаев 1.jpg

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бәйтерек ауылына Түркістан облысынан көшіп келген отбасымен кездесті. Руслан Насыров теріскейге мамыр айында қоныс аударыпты. Ол Қызылжар өңіріне жерсініп үлгергенін жеткізді.
Солтүстік Қазақстанға қонаққа келген блатынмын. Досым мені осында көшуге көндірді. Орталыққа барып, бос жұмыс орындары туралы білдім. Маман бәрін түсіндіріп берді. Бірнеше жұмыс орны ұсынылды. Өз таңдауымды жасадым. Үй мәселесі де шешілетінін айтты. Жоспар көп, бізге ұнады. Адамдары кеңпейілді, көмек қолын созуға қашан да дайын, - дейді ол.
сапарбаев 2.jpg

Вице-премьер Бескөл ауылына барып, жергілікті халықпен кездесті. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа бағыттары туралы айтып берді.

Бердібек Сапарбаев жұмыс тобының басты міндеті халықтың өмір сүру сапасын бағалау және проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу деп атап көрсетті. Әсіресе білім және денсаулық сақтау сияқты маңызды әлеуметтік салаларға ерекше тоқталды.

12 жылдық білім беруге көшуге келетін болсақ, қазір арнайы топ жұмыс істеуде. Президент ең бастысы мектептердің, мұғалімдердің, оқулықтардың дайындығын шешіп барып, асықпай орындауға тапсырма берген болатын. Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жетіспеушілігі болмаса, бұл салада басқа өзекті мәселе жоқ. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша біз жергілікті атқарушы органдармен жұмысты ширатып, мұғалімдерге тиісті жағдайды қамтамасыз етуіміз керек. Мектептерді зертханалармен, кабинеттермен жабдықтау бойынша жұмыстар қарқынды жалғасын табады, - деді Сапарбаев.
сапарбаев 3.jpg

Шенеунік халықты мемлекет ұсынып отырған түрлі бағдарламаға қатысуға шақырды. Кездесу соңында аудан тұрғындары жұмыс тобына өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.

Өзгелердің жаңалығы