Рыбакинаны Таймс Сквердегі экранда туған күнімен құттықтады

18 Маусым 2023, 17:51
652
Бөлісу:
Рыбакинаны Таймс Сквердегі экранда туған күнімен құттықтады
Фото: Рыбакинаның Instagram-дағы парақшасынан

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны белгісіз адам АҚШ-тағы Таймс Сквер экранында құттықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Happy birhtday to Lena! Love from NYC!, - делінген жазбада.

Тосынсыйдың авторы белгісіз. Дегенмен бұндай құттықтаудың өзі арзан дүние емес екенін айта кеткен жөн.

Бұл ақпаратпен Рыбакинаның өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Қандай керемет, рахмет!, - деп жазба қалдырды теннисші.

Өзгелердің жаңалығы