Рыбакина мен Путинцева Торонтадағы турнирді жеңіспен бастады

9 Тамыз 2022, 11:16
896
Бөлісу:
Рыбакина мен Путинцева Торонтадағы турнирді жеңіспен бастады

Әлемнің 27-ші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина бірінші айналымда WTA рейтингінің 47-ші сатысында тұрған чех Мария Бузкованы 7:5, 6:7 (3), 6:1 есебімен жеңді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды. Қазақстандық Елена жеке кездесулерде басымдығын нығайтты – 3:0. Ол байқаудың екінші кезеңінде Елена Кори Гофф немесе Мэдисон Бренглмен ойнайды.

Әлемдік рейтингте 46-шы орында тұрған тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева стартта канадалық Кэтрин Себовты (299 WTA) жеңді – 3:6, 6:2, 7:5. Келесі айналымда Юлия испандық Паула Бадосамен кездесуі керек.

Ал Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бірінші айналымда әлемнің 46-шы ракеткасы америкалық Дженсон Бруксбиден екі сетте ұтылды - 2:6, 3:6.

Өзгелердің жаңалығы