Рыбакина Дохадағы турнирдің финалына шықты

17 Ақпан 2024, 20:44
492
Бөлісу:
Рыбакина Дохадағы турнирдің финалына шықты
Фото: Prosports.kz

Уимблдон 2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалдық кездесуде Рыбакина (3-ші орын) Ресей өкілі Анастасия Павлюченковадан басым түсті– 6:2, 6:4.

Спортшылар кордта 1 сағат 30 минут уақыт өткізді.

Дохадағы бас жүлде үшін Елена Рыбакина польшалық Ига Швятекке (No1 WTA) қарсы ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы