Бүгін Астана уақытымен сағат 14.30-да Аустралия ашық чемпионатында әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен бас жүлдеге таласады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына ел теннисшілерінен бірінші болып шыққаны белгілі. Оның өзінен бір жас үлкен қарсыласы Арина да Australian Open финалына алғаш рет шығып тұр.
Бұған дейін 23 жастағы Елена Рыбакина 2020 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді. Ал одан бір жасқа үлкен Арина Соболенко төртінші айналымнан асып көрген емес.
Алайда бұдан алдын қарсыластар өзара үш рет кездесіп, барлығында да беларусьтік теннисші басым түскен.
Оқи отырыңыз: