Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

12 Мамыр 2025, 16:28
7431
Бөлісу:
 Берденовтің жеке парақшасынан
PHOTO
Фото: Берденовтің жеке парақшасынан

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқыс оқиғадан кейін алғаш рет мәлімдеме жасап, қазіргі жағдайы туралы айтты. Ол өзінің денсаулығы жақсарып келе жатқанын және көп ұзамай жұмысқа оралатынын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті шымкенттіктер, қадірлі отандастар! Менің басымнан өткен ауыр жағдайдан хабардарсыздар деп ойлаймын. Бұл оқиға мен үшін де, отбасым мен жақындарым үшін де оңай болған жоқ. Бірақ осы қиын сәттерде әріптестерімнің, таныстарым мен бейтаныс адамдардың қолдауын, тілектестігін сезіндім. Жігерлендірген хабарламалар, қоңыраулар мен әлеуметтік желідегі жылы лебіздер маған үлкен демеу болды, – деді әкімнің орынбасары.

Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Берденовтің айтуынша, ол үш апта бойы ауруханада ем қабылдаған. Қазіргі таңда сауығып, қалыпты өміріне қайта оралуға жақын екенін жеткізді.

Алланың және білікті дәрігерлеріміздің арқасында денсаулығым қалпына келді. Осы уақыт ішінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамығанына, мамандардың кәсібилігіне көзім жетті. Ақ халатты абзал жандардың жанашырлығы мен еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді ол.

Руслан Берденов өзін қолдап, тілек білдірген барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта белсенді қызметіне қайта оралатынын жеткізді.

Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Еске сала кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалған еді. Оқиға 21 сәуірде кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Бірден ауруханаға жеткізіліп, Руслан Берденовке 4 сағат бойы ота жасалды.

Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы