Румынияда парламент көпшілік дауыспен үкіметке сенімсіздік вотумын қолдап, нәтижесінде министрлер кабинеті отставкаға жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu Ajansı-ға сілтеме жасап.
Anadolu Ajansı мәліметінше, парламенттегі дауыс беру барысында қатысқан 402 депутаттың 281-і бастаманы қолдаған.
Сенімсіздік вотумын елдегі ең ірі партия – Социал-демократиялық партия, сондай-ақ ультраоңшыл "Румындарды біріктіру альянсы" және PACE – "Румынияның басымдығы" партиясы ұсынған. Ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданып, Илия Боложан үкіметінің құлауына әкелді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, дауыс беру кезінде Боложан парламент отырысы залынан шығып кеткен.
Румыния президенті Никушор Дан дауыс беру алдында сөйлеген сөзінде, оның нәтижесіне қарамастан, ел «батыс бағытын» сақтайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Боложан үкіметі 2025 жылғы маусым айында парламенттен сенім вотумын алғаннан кейін жұмысын бастаған.
Еске салсақ, 2025 жылдың мамырында Румыния премьер-министрі Марчел Чолаку отставкаға кететінін жариялап, оның Социал-демократиялық партиясы билеуші коалициядан шыққан болатын.