«Руханият» орталығы елордада айтыс кешін өткізеді

27 Тамыз 2019, 23:58
2438
Бөлісу:
«Руханият» орталығы елордада айтыс кешін өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» орталығы «Адамзаттың Абайы» фестивалі аясында «Айтыс – бабалар мұрасы» әдеби-сазды кешін өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Шараның мақсаты – ғасырдан-ғасырға жалғасып, атадан балаға мирас болған айтыс өнерінің жандануына үлес қосу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұмыт қалған қайым айтыс, түре айтыс, жұмбақ айтыс, құлмамбет айтыс сынды айтыс жанрларын жаңғырту.

Айтыс кешіне танымал айтыскер ақындар Рүстем Қайыртайұлы, Еркебұлан Қайназар, Дидар Қами, Дәурен Ысқақ, Аруна Керімбек, Тоба Өтепбай, Сырым Әділбек қатысады.

Кешті белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізеді.

Айтыс 28 тамыз күні сағат 17.-00-де Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғылы, 5) өтеді.

Өзгелердің жаңалығы