«Рухани жаңғырудың» басым бағыттары бойынша жұмысты жандандыру қажет — Тілепов

7 Қазан 2021, 20:19
1583
Бөлісу:
«Рухани жаңғырудың» басым бағыттары бойынша жұмысты жандандыру қажет — Тілепов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыты мен міндеттерін кеңінен насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында, 2021 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – «Қоғамдық сананы ұлттық жаңғырту кезеңіне өткізуге арналған жол картасы» форматына көшуін және оның аясында  жобалардың ауқымдылығы мен маңызына байланысты Жол картасы (2022-2024 жылдарға арналған Жол картасы) үш жылдық кезеңге ұзартылғаны талқыланып,   бағдарламаны одан әрі дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордада 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 400-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Жобалық кеңсенің Оқу орталығы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру бойынша мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырады. Бүгінгі күні 79 мекеменің 1427 қызметкері оқытылды. Жалпы сағат саны – 316.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты жандандыруға ерекше екпін беру қажет - деді Болат Тлепов.  

Талқылау қорытындысы бойынша ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов бағдарламаны одан әрі тиімді іске асыру жөнінде  бірқатар тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы