«Рухани жаңғыру» басқармасының төрағасы тағайындалды

6 Сәуір 2021, 22:01
1258
Бөлісу:
«Рухани жаңғыру» басқармасының төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Асылбек Есімқанұлы Есенбаев «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Асылбек Есенбаев – білімі бойынша экономист, 1998 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын Қазақстанның Даму институтында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 

«Стратегия» талдау орталығы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты секілді ғылыми-зерттеу құрылымдарында жұмыс істеді.

Президент Әкімшілігінде, Қауіпсіздік Кеңесінде, Премьер-министр Кеңсесінде қызмет жасады. 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басқарма басшысы болып қызмет атқарды. 

Өзгелердің жаңалығы