Рудныйдағы жаппай улану: Асхананы тексеріп жатыр

21 Сәуір 2022, 17:25
1223
Бөлісу:
Рудныйдағы жаппай улану: Асхананы тексеріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудныйдағы колледж студенттерінің улану фактісі тексеріліп жатыр. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.

Қостанай облысының Рудный тау-кен технологиялық колледжі студенттері арасында жіті ішек инфекциясымен топтық улану дерегі анықталды.

 21 сәуір сағат 15.00-дегі жағдай бойынша жіті ішек инфекциясы белгілерімен медициналық көмекке 35 студент жүгінді, оның ішінде 14 адам "жедел гастроэнтерит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық емдеу тағайындалды (науқастардың шағымы - жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, сұйық нәжіс), - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні науқастардың  жағдайы қалыпты, орташа ауырлықта.

Зардап шегушілердің барлығы өз ауруын колледж асханасында тамақтанумен байланыстырады.

Рудный қаласының полиция басқармасымен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармасымен бірлесіп "S_SALTA" ЖШС жеке тұлғасымен жалға алынған асханаға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады.

Тексеру барысында зертханалық зерттеулер үшін тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың сынамалары алынды, сондай-ақ ас блогының персоналы тексерілді. Зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Мамандар ошақта эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруда.

Өзгелердің жаңалығы