Рудныйда жедел жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Сала мамандары жол ережесін сақтап, мұқият болуды және арнайы көліктерге жол беруді ескертеді.

 freepik.com Бүгiн 2026, 07:42
Бүгiн 2026, 07:42
147
Фото: freepik.com

Рудный қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер жолағында бір әйелді қағып кетті. Оқиғаның мән-жайын медицина қызметкерлері түсіндіріп, болған жағдайға байланысты өкінішін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жол-көлік оқиғасы қаладағы мұражай маңындағы қарқынды қозғалыс бар көшеде болған. Зардап шеккен әйел дереу қалалық ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем жүргізушісі оқиға орнында қалып, кейін полиция бөліміне тергеу үшін жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Әйелге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілді, кейін ол Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Болған жағдайға қатты өкініш білдіреміз. Жол – жаяу жүргіншілер, жолаушылар және жүргізушілер үшін жоғары қауіп аймағы екенін ескертеміз. Жол ережесін сақтаңыздар, мұқият болыңыздар, арнайы көліктерге жол беріңіздер, – деді Жедел медициналық көмек станциясының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева. 

Наверх