Рудныйда "Таза Қазақстан" акциясы аясында экологиялық жүгіру өтті

15 Мамыр 2025, 20:10
297
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

15 мамырда Рудный қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында экологиялық жүгіру ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға жаттықтырушылар, нұсқаушылар мен спортшылар қатысады. Жүгіру Тобыл өзені жағалауында өтеді.

Экологиялық жүгіруді ұйымдастырушы – Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі.

«Таза Қазақстан» — тек санитарлық тазалау емес, ауқымды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жоба. Рудныйда бұл бастама аясында тазалық жұмыстары мен көгалдандыру жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Акция халықтың табиғатқа деген құрметін арттырып, жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға үлес қосуда.

Өзгелердің жаңалығы