Рудныйда бір айда 85 рет ереже бұзған жүргізуші ұсталды

24 Маусым 2022, 06:45
1363
Бөлісу:
Рудныйда бір айда 85 рет ереже бұзған жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный қаласында бір айда 85 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады «Хабар24».

Оның айыппұл сомасы екі миллион теңгеден асып түскен. Рейд барысында облыс орталығында тағы бір жүргізуші жауапқа тартылды. Қостанай тұрғыны 47 рет ереже бұзыпты. Енді бір миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс. Ал көліктері  айып тұрағына қойылды. Жалпы жыл басынан бері өңірде жауапсыз жүргізушілерге 265 миллион теңгеге 42 мың әкімшілік айыппұл салынған.

Автоматты түрде Автоураган және «Еркін патруль» системаларымен анықталған. Рудный қаласындағы жүргізушіде жүргізуші куәлігі мүлдем болмаған. Ал Қостанай қаласындағы «Мазда» көлігінің иесінде сақтандыру полисі болмаған. Сондықтан нұсқаулар үйлеріне жеткізілмеген, – деді ПД әкімшілік практика бөлімінің басшысы Серік Әбдіхалықов.

Өзгелердің жаңалығы