Рудныйда 1 айда 17 рет жол ережесін бұзған азамат ұсталды

13 Қазан 2023, 03:38
685
Бөлісу:
Рудныйда 1 айда 17 рет жол ережесін бұзған азамат ұсталды
Фото: архив

Қостанай облысының Рудный қаласында көлік жүргізушісі қамалды. Ол бір айда 17 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның бірнеше рет жылдамдықты асырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. 20 жастағы қала тұрғыны арнайы іздестіру шаралары кезінде ұсталды. Тексере келгенде оның көлігінен екі жалған мемлекеттік нөмір табылған және өзі жүргізуші куәлігін алмаған болып шықты. Яғни көлікті заңсыз басқарған.

Оған Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып, сот шешімімен бес күнге қамауға алынды. Мұның сыртында 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Өзгелердің жаңалығы