Рубль құлдырауының қаупі. Неге біздің сөреде Беларусь өнімі толып тұр?

21 Шілде 2023, 12:44
3801
Бөлісу:
Рубль құлдырауының қаупі. Неге біздің сөреде Беларусь өнімі толып тұр?
Фото: Артём Чурсинов -архив

Отандық өндіруші Алмас Таңғытұлы «Ұлттық идеология және ...» жобасында BAQ.KZ тілшісіне отандық өндірушілердің жан айқайын жеткізді.

 
«Рубльдің түскені ұйқы бермейді»

Алмас Таңғытұлы Ресей рублінің түскеніне байланысты алаңдаулы екенін айтты. 

Рубльдің түскені бізге ұйқы бермейді, неше күн болды ұйқымыз кетті. Онсыз да Ресей өндірушілері Қазақстанның нарығын толық жаулап алды. Біз одан жақсы өнім шығара алсақ та, бағамыз тең десек те, олар дүкендерімізге кіріп, дүкендеріміздің сөрелерінің бәрін сатып алып қойды. Енді мына рубль тағы құлдырауына байланысты олар біздің нарыққа тағы да кіреді, бұрынғыдан екі есе қаттырақ кіреді, - деді маман. 

Оның ойынша, билік тарапы Ресей өнімдерінің елге кіруін шұғыл түрде бақылауға алып, реттеуі керек. Әйтпесе, отандық өндірушілер несиелерін жаба алмай, зардап шегеді. 

Бір-екі аптада үкімет бір шешім қабылдамаса, біз сияқты отандық өндірушілердің хәлі қиындайды, көбіміз жабылып кетеміз бе деп қорқып отырмыз, - деді ол.

@baq.kz_ «Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы ауыл туризмінің сарапшысы, отандық өндіруші, саяхатшы – Алмас Таңғытұлы. Толық шығарылым Youtube-те. #baqkz #отандықөндіріс #ауылтуризм #саяхат #туризм #қазақстан #моңғолия #ресей #рубль #инфляция #ұлттықидеология #сұхбат #интервью #nomad4x4 ♬ оригинальный звук - baq_kz

Неге біздің сөрелерде Беларусь өнімдері толып тұр?

Алмас Таңғытұлы дүкен сөрелеріндегі жағдайға да тоқталды. Оның айтуынша, «отандық өндірушілер ел сөрелерінде тұра алмайды, соның кесірінен отандық өніммен шетелге де шыға алмайды». Отандық өндіруші жанармай стансасын мысалға алды. 

Жанармай стансасына кірсеңіз, сол жердегі 99 процент өнім – шетелдің өнімі. Қазақстандыкі тұрған жоқ. Шемішкеден бастап тіпті суға дейін. Оның барлығын шетелдік дистрибьюторлық компаниялар сатып алып қойған, - деді ол.

Сондай-ақ Алмас Таңғытұлы біздің сөрелерде Беларусь өнімдері толып тұруының себебін түсіндірді. 

Неге Беларусь өнімдері біздің сөрелерде толып тұр? Өйткені Беларусь өндірушілері өз елінде әбден аяғына тұрған. Оларда заң жүзінде доктрина бар. 85 процент өнім дүкен сөрелерінде тұрсын деген. Мысалы, мен Беларусьте отандық өндіруші болсам, өз өнімімді әр дүкенге апарам да, «міне заң бар, менің өнімімді дүкеніңе қой» деп, әр дүкенге қойдыра аламын, - деді ол. 

Алмас Таңғытұлының айтуынша, заң жүзінде қорғалған Беларусь өндірушісі өнімін қалай сатамын, қалай дүкенге қоямын деп бас қатырмайды.

Өнімі дүкен сөрелерінде тұрғандықтан, күнделікті сатылып жатыр, табыс келіп жатыр. Сосын олар шетелге шығып жатыр. Ал біздің үкімет шетелге шығыңдар дейді де, өзіміздің елде ондай заң жоқ. Бізде 30 процент тұрсын деген министрдің бұйрығы бар. Ол 30 пайыз әртүрлісі тұрсын деген емес, жай ғана 30 пайыз, - деді ол.

Отандық өндіруші ешқандай дүкен иелері министрдің бұйрығын қабылдамайтынын, бұйрықты көрсеткен күнде де менде 30 процент Қазақстан өнімі тұр деп айтатынын жеткізді. Алмас Таңғытұлы ол 30 пайыз шетелдік дистрибьюторлық компаниялардың және нан, күріш сияқты өнімдермен-ақ толып қалатынын айтады. Сондықтан заңға «отандық өнім дүкен сөрелерінің кем дегенде 50 пайызын құрауы қажет» деген заң енгізілуі керек деп ұсыныс білдірді. 

Сұхбаттың толық нұсқасын төменнен тамашалай аласыз.

Өзгелердің жаңалығы