Роналдиньоның анасы коронавирустан қайтыс болды

21 Ақпан 2021, 17:40
1639
Бөлісу:
Роналдиньоның анасы коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2002 жылы Бразилия құрамасындағы әлем чемпионы болған Роналдиньоның анасы COVID-19 салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы diario Ole спорт газеті хабарлады.

«Барселона» мен «Миланның» бұрынғы футболшысы анасы қайтыс болғаны туралы ақпаратты растамады. Алайда ол өз парақшасында аза тұтатын қара аватар қойды.

2020 жылдың желтоқсанында Роналдиньо анасының Мигелина Элои Дос Сантос коронавирус диагнозымен жансақтау бөліміне түскенін айтқан еді. 

Ал 2020 жылдың қазан айында футболшының өзі COVID-19 жұқтырғаны туралы хабарлады. Алайда оның айтуынша, бұл ауру ағымы симптомсыз өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Роналдиньо «Милан» және «Барселона» сапында Италия мен Испания чемпионаттарында жеңіске жеткен болатын. Сонымен қатар ол чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал Бразилия құрамасы сапында 97 ойын өткізіп, 33 гол соқты.

Өзгелердің жаңалығы