Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

3 Сәуір 2023, 16:18
871
Бөлісу:
Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды
Фото: inform.kz

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989–1990 жылдары «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 жылдан бастап «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.

1990–1999 жылдары «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.

1999–2002 жылдары «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.

2002–2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

2003–2005 жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2005 жылғы қантардан Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 жылғы сәуірден Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.

2006 жылдан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006–2007 жылдары Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007–2008 жылдары Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008–2010 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010–2011 жылдары Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011–2013 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014–2016 жылдары «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016–2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылғы 18 қыркүйектен ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірден Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

 

Өзгелердің жаңалығы