Алдын ала мәлімет бойынша, BMW көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр беру желісінің бетон бағанына соғылған. Салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты. Соққыдан кейін көлік өртеніп кеткен. Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жол апаты 14 сәуір күні таңертең болған. Оқиға салдарынан 37 жастағы ер адам көз жұмды.
BMW көлігі Рудный қаласы бағытына қарай келе жатып, жүргізуші көлік тізгінін игере алмай, электр беру желісінің бетон тірегіне соғылған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавл – Көкшетау тасжолындағы жантүршігерлік апаттан 8 адам зардап шеккен еді.