Астанада кабель ұрлаған күдіктілер қолға түсті

28 Маусым 2024, 03:43
343
Бөлісу:
Астанада кабель ұрлаған күдіктілер қолға түсті
Фото: скрин

Астана полицейлері кабель ұрлығын ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар елорданың екі тұрғынын анықтады. Күдіктілер кешкі уақытта қоймаға кіріп, кабельді жасырын ұрлап, 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Олардың ұрланған кабельді бірден металл жинау орнына өткізіп жібергені де белгілі болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елорда полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында түсті және қара металдарды, олардың сынықтары мен қалдықтарын сату мен заңсыз айналымы орындарын үнемі тексеріп отырады. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қылмыстық жолмен алынғаны белгілі мүлікті иемдену немесе сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы